×

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Кәсіпкер 2022 жылдың сәуірінде қамауға алынған еді

 Халық үні 23.08.2023 | 10:54
Қайрат Құдайберген, фото: ашық дереккөзден

Алматы қалалық мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі 21 қыркүйекке дейін ұзартылды. Бұл туралы Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты тергеу органдарының Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтінішті қанағаттандырды. Осылайша, Қайрат Құдайберген 2023 жылдың 21 қыркүйегіне дейін қамауда болады», - делінген ақпаратта.

Еске салайық, 2022 жылдың сәуірінде Алматы қалалық мәслихат депутаты, кәсіпкер Қайрат Құдайберген ұсталып, полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы прокуратурасының мәлімдеуінше, кәсіпкер қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырып, қатысты деген күдікке ілінген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама