×

«Алтын орда» базарында кәсіпкерлікпен заңсыз айналысқандар анықталды

Кейбірі тауарды әдейі арзанға сатқан

 Дәурен Ерболат 23.08.2023 | 10:00
Фото: Sputnik

«Алтын орда» базарында заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

Биыл маусымда Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «ALTYN ORDA NEW COMPANY» ЖШС-інде тексеріс жүргізді. Нәтижесінде компания 2022 жылғы 4 тоқсанда 530,4 млн теңгенің кірісін көрсетіп, қосымша салық есептілігін тапсырды. Қосымша есептелген қосылған құн салығы – 63,6 млн теңге, корпоративті табыс салығы – 106,0 млн теңге. Өсімпұлды есептемегенде, хронометраждық тексеру нәтижесі бойынша бюджетке барлығы 169,6 млн теңге түсті.

Тексеру барысында «ALTYN ORDA NEW COMPANY» ЖШС-інде бақылау-касса машиналарын қолданбай, ақшалай есеп айырысуды іске асырудың қосымша нүктелері анықталды (базарға кіру (қақпа) және бухгалтерия). Тексеру нәтижелері бойынша қосымша 4 бақылау-касса машинасы тіркелді. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осылайша, «Алтын Орда» сауда базарында жеке кәсіпкерлер ретінде 742 салық төлеуші және осынша бақылау-касса машинасы ерікті түрде тіркелді.

Бұдан бөлек, Алматы облысы бойынша ПД-мен бірлесіп, «Алтын орда» базарында кәсіпкерлік қызметті тіркемей, заңсыз жүргізгендерді анықтау үшін рейд жүргізілді. Оның барысында 12 жеке тұлға анықталды. Материалдары сотқа жолданды.

Сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері 3 салық төлеушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты:

  • 1 салық төлеуші кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жіберусіз әрекеттерді іске асырғаны үшін;
  • Тауардың бағасын төмен көрсетіп, тауарды «Алтын орда» базарында сатқан 2 адам.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама