×

Қостанай облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған шетелдік ұсталды

Жыл басынан бері Қостанай облысының аумағында 32 шетелдік ұсталған

 Динара Амантай 22.08.2023 | 15:18
Фото: aqmeshit-zhastary.kz

Қостанай облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған шетелдік ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, 13 тамызда Қостанай облысы бойынша департаментінің әскери қызметкерлері облыстық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Оңтүстік Азия мемлекеттерінің 4 азаматы үшін заңсыз көші-қон ұйымдастырды деген күдікпен шетелдік азаматты ұстады.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 394-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Жыл басынан бері Қостанай облысының аумағында 32 шетелдік ұсталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама