×

Төрт өңірдің жылыту маусымына дайындығы төмен – ИИДМ

Әзірге 382 шақырым жылу желілері жөнделген

 Дәурен Ерболат 22.08.2023 | 13:27
көрнекі фото: Halyq Uni

Қазақстанда төрт өңірдің жылыту маусымына дайындығы төмен. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жылыту маусымына тұрғын үйлерді дайындап жатырмыз. 37 мың 555 үйде жұмыс аяқталды, бұл – жоспардың 75,1% (барлығы 50 мың 21 үй). Маңғыстау (26,1%), Алматы (61,4%) облыстарында және Шымкент қаласында (68,5%) дайындық қарқыны төмен. Өңірлерде инженерлік инфрақұрылым бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді вице-министр Үкімет отырысында.

Ілияс Оспановтың айтуынша, Қазақстан бойынша 593 шақырым жылу желілерін жөндеу жоспарланған. Бүгінде оның 382 шақырымы немесе жоспардың 64,4%-ы жөнделген.

4 өңірде желілердің жөнделуі 50%-дан төмен орындалды: Алматы (15,5%), Маңғыстау (21,3%), Қызылорда (47,9%), Абай облыстары (49,6%).

10 өңірде жұмыстардың атқарылуы 50-75% аралағында: Атырау (52,1%), Шымкент қаласы (57,5%), Түркістан (59,6%), Астана қаласы (60%), Шығыс Қазақстан (60,1%), Ақмола (66,2%) Қостанай (66,3%), Жамбыл (67,5%), Қарағанды (73,7%) облыстары және Алматы қаласы (74,3%).

6 өңірде жөндеу жұмыстары 75%-дан жоғары: Ақтөбе (77,5%), Ұлытау (80%), Жетісу (85,5%), Солтүстік Қазақстан (81,2%), Павлодар (81,2%) және Батыс Қазақстан (100%) облыстары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама