×

Шымкентте ерікті жалған медициналық анықтамаларды анықтаған

Антикор медициналық мекемелерге хат жолдады

 Динара Амантай 22.08.2023 | 10:15
Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Оңтүстік Қазақстан университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктісі, комплаенс офицері емтихан кезінде студенттер ұсынған 48 медициналық анықтаманың дұрыс емес екенін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мониторинг ұсынылған 185 медициналық анықтаманың 48-і «Damumed» мобильді қосымшасының мәліметтеріне сәйкес келмейтінін анықтады (анықтамалар басқа адамдарға тиесілі, күндері де сәйкес келмейді және т.б.).

Осы факті бойынша шаралар қабылдау үшін қаланың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тиісті медициналық мекемелерге хат жолдады, – делінген СЖҚА хабарламасында.

Ерікті мониторингтің құралдары департаментте денсаулық сақтау және білім беру саласының комплаенс офицерлерін оқыту жүргізілуіне байланысты анықталғанын атап өткен жөн.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама