×

Қызылордалық 32 жастағы тұрғын 11 күннен бері табылмай жатыр

Бойы – 1,70-1,75 см, орта денелі, көзі қара, шашы қоңыр түсті

 Еркеғали Болатұлы 20.08.2023 | 16:09
фото: Қызылорда қалалық ПБ

Қызылорда қаласында тұратын 32 жастағы тұрғын Жанерке Байзақова үйінен 9 тамызда белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне қайта оралмаған.

Осыған байланысты Қызылорда қаласының полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері төмендегіше: бойы – 1,70-1,75 см, орта денелі, көзі қара, шашы қоңыр түсті.

Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8 (7242) 29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз», - деп жазылған ПБ хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама