×

Шахтадағы апат: 20 тамыз қаралы күн деп жарияланды

5 кенші қаза тапты

 Дәурен Ерболат 20.08.2023 | 10:05
Фото: inform.kz

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ына қарасты «Қазақстан» шахтасында апатқа байланысты қаралы күн жарияланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Компанияның бас директоры Владимир Яблонский көңіл айту хатын жолдады.

«Терең күйзеліспен «АрселорМиттал Теміртау» ұжымы атынан мезгілсіз қаза тапқан әріптес кеншілердің отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Бұл қаза – отбасылар үшін, бәріміз үшін ауыр қайғы.

Орны толмас қазаның қасіретін бөлісе отырып, қаза тапқан әріптестеріміздің отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеміз. Сондай-ақ зардап шеккен барлық қызметкерге жан-жақты күтім мен оңалту бойынша көмек көрсетіледі.

20 тамыз «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ында қаралы күн болып жарияланды», - деп жазылған компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, 17 тамызда Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасынан өрт шыққан еді. Онда 227 кенші болған. Кейін 5 кеншінің қаза тапқаны хабарланды. Апат орнына премьер-министр Әлихан Смайылов барды.

«АрселорМиттал Теміртауда» болған апат салдарынан жалпы 100-ден аса кенші көз жұмған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама