×

Антикордың Ұлытау облысы бойынша департаменті жастармен кездесу өткізді

Жемқорлыққа қарсы күресте 4 бағыт бойынша көмек көрсетіледі

 Халық үні 19.08.2023 | 17:55
Фото: СЖҚА Ұлытау облысы бойынша департаменті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің Ұлытау облысы бойынша департаменті жастармен кездесу өткізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, кездесудің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығы мен олардың белсенді азаматтық ұстанымын арттыру мүмкіндіктерін, құқық бұзушылыққа төзбеушілік қағидаттарын талқылау, сондай-ақ жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мемлекеттің басты басымдылықтарының бірі болып табылатыны және жастардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы тұра білуі керектігі айтылды.

Кездесу барысында жастарға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының еріктісі болуға шақырады.

Жобаның мақсаты – белсенді азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, жеке және квазимемлекеттік сектор субъектілерін, сондай-ақ басқа да ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға ерікті ретінде тарту болып табылады.

Жоба аясында келесі бағыттар арқылы жемқорлыққа қарсы күресте көмек көрсетуге болады:

- Қоғамдық бақылау;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеу және ағарту;

- Pro bono волонтерлік (кәсіби көмек көрсету);

- Корпоративтік еріктілік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама