×

Барлық ауыл тұрғыны 1 шілдеден бастап медициналық тексерістен өтеді

Көлік медицинасының арсеналы да күшейтілмек

 Еркеғали Болатұлы 08.05.2022 | 12:45
фото: terastudio.com

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, ауыл халқы амбулаториялық мекемелерге сирек барады, тек денсаулығы нашарлаған жағдайда ғана ауруханаға жатады. Өйткені тұрмыстық сипаттағы қиындықтарға байланысты жоспарлы емдеуден бас тартады.

Осыған байланысты министрлік ауыл тұрғындарын бастапқы диагностикамен қамтуды арттыруға бағытталған бірқатар іс-шараны іске асырып жатыр. Ол үшін барлық жастағы ауыл тұрғындарына профилактикалық тексеру жүргізу туралы бұйрықтың жобасы әзірленді. Оны 1 шілдеден бастап іске қосу жоспарланып отыр, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, ауылда медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі, медициналық көмек көрсету стандарттары қайта қаралады, көлік медицинасының арсеналы күшейтіледі.

Танымал қазақстандық дәрігер Украинада тегін медициналық көмек көрсетпек. «Қазақстан халқына» қоры әлемдегі тағы бір ең қымбат дәріні сатып алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама