×

Шахтадан екі адамның мәйіті табылды: тағы үш кенші іздестіріліп жатыр

Зардап шеккен алты адам ауруханаға жатқызылды

 Халық үні 17.08.2023 | 17:55
фото @ Павел Лисицын

17 тамыз сағат 10:00-де «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер таспасы өртеніп, апат болды.

Шахтадан 222 адам шығарылды, алты адам ауруханаға жатқызылды. Қарағанды облысы әкімдігінің хабарлауынша, шахтадан 2 адамның мәйіті табылған.

Қазір құтқарушылар қалған 3 кеншіні іздеп жатыр. Өрт шыққан шахтадағы қатты түтін іздеу жұмыстарын қиындатып отыр.

Өрт шыққан 170 метр тереңдіктегі шахтада 227 адам болған. Ресми хабарламаға сенсек, таңнан бері 222 кенші жер бетіне шығарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама