×

Вице-министр АИ-95 тапшылығы қашан жойылатынын айтты

Ерлан Ақкенженов тапшылық себебін түсіндірді

 Дәурен Ерболат 17.08.2023 | 15:48
Фото: Виктор Сухоруков

Қыркүйек айында АИ-95 бензиніне сұраныс азайып, жағдай тұрақталады. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұған дейін Қазақстанның кей өңірлерінде АИ-95 маркалы бензині тапшылығы туындағаны хабарланған.

«Шымкент мұнай өңдеу зауытында болған соңғы жағдайды білесіздер. Бүгінде онда тек АИ-92 шығарылып жатыр. Біз қазанда АИ-95 бойынша жағдай тұрақталады деп отырмыз. Бұл Шымкенттегі зауытта жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты. Қазір елдің оңтүстік өңірлерін Атырау және Павлодардағы зауыттары мұнай өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр», - деді ол Екібастұзда өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министр АИ-95 қоры 19 күнге жететінін атап өтті.

Қазақстан – үлкен мемлекет. Сондықтан батыстан оңтүстікке (бензин) жеткізу үшін уақыт керек. ҚТЖ-мен жұмыс істеп жатырмыз, - деді Ерлан Ақкенженов.

Ерлан Ақкенженов мәселенің себебін түсіндіріп, оған ішкі туризмнің де әсері барын айтты.

«Демалыс күндері мұнай базалары жұмыс істемейді. Осыған байланысты жанар-жанармай құю станцияларына (бензинді) жеткізуге, мұнай базаларында жанармайға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеуге мүмкіндік жоқ.

Сондай-ақ ішкі туризм де дамып жатыр. Мұны демалыс орындарына бара жатқан жанар-жағармай құю станцияларындағы көліктердің санынан байқауға болады. Халықты АИ-92 және АИ-95 бензинімен қамтамасыз ету үшін жұмыс істейміз», - деді министрдің орынбасары.

Вице-министр АИ-95 маркалы бензиннің бір бөлігі Ресейден жеткізілетінін айтты.

Биыл Қазақстан АИ-95 бензинінің 40 мың тоннасын импорттауды қарастырған. Бүгінде тиісті келісімшарт жасалды. Импорт тамызда болады. Бірінші импорт – 19 мың тонна (АИ-95). Шымкент МӨЗ толық қуатына көшкенде АИ-95 бензинін өндіруді бастаймыз, - деді вице-министр.

Одан бөлек, вице-министр қыркүйек айында АИ-95 бензині тапшылығы азайып, жағдай тұрақталатынын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама