×

Абай облысы мектептерінде 278 мұғалімнің орны бос тұр

Облыстағы ауылдарда 114 мұғалімге сұраныс бар

 Айгерім Таубай 17.08.2023 | 15:25
Фото: Halyq Uni

Абай облысындағы мектептерде 278 мұғалімнің орны бос тұр. Бұл туралы облыстың білім басқармасы Halyq Uni ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Математика пәнінің мұғалімі – 58, физика – 24, химия – 16, биология – 15, география – 6, қазақ тілі мен әдебиеті – 10, орыс тілі мен әдебиеті – 28, ағылшын тілі – 22, бастауыш сыныптар – 18, АӘД – 8, музыка – 22, тарих – 13, информатика – 12, дене шынықтыру – 3, мектепалды даярлық тәрбиешісі – 9, дефектолог – 2, логопед – 1, психолог – 5.

Редакция мектептегі мұғалім орнының бос тұрғаны қалай шешілетінін де сұрады. Басқарманың хабарлауынша, мәселе Абай облысының өңірлік ЖОО, колледждерін бітірген түлектері есебінен шешіледі.

Биыл педагогикалық мамандықтар бойынша Семей қаласының Шәкәрім атындағы университет 486 түлек, Alikhan Bokeikhan University оқу орнын 141 түлек аяқтады, - делінген ресми жауапа.

Сондай-ақ Абай облысының ішіндегі ауылдарда 114 мұғалімге сұраныс бар. Әкімдіктің хабарлауынша, елдімекендердегі кадр тапшылығы «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама