×

Түркістан облысында балалар лагері зираттар аумағына салынған

Бұл жағдайға ашуланған ауыл тұрғындары шенеуніктерге бірнеше рет жүгінген

 Еркеғали Болатұлы 17.08.2023 | 12:36
фото: ашық дереккөз

Түркістан облысының Төлеби ауданында 300 жылдық тарихы бар «Қақпатас» қорымы балалар лагерінің аумағында болып шықты. Енді ол жерге ешкім адамды басшылықтың рұқсатынсыз жерлей алмайды.

Қазір Құран оқу немесе жерлеу рәсімін өткізу үшін адамдар қақпаның алдында сағаттап тұрып, лагерь басшылығынан рұқсат сұрауы керек. Ал аумаққа кіргенде балалардың құлпытастар арасында жүгіріп ойнап жүргенін, үлкендердің ішімдік ішіп жатқанын көріп, жаға ұстайды.

Бұл жағдайға ашуланған ауыл тұрғындары шенеуніктерге бірнеше рет жүгінген.

Біз Оқу-ағарту министрлігі мен Қаржы министрлігіне жерді облыстық қорға қайтару керектігі жөнінде бірнеше рет хат жолдадық. Шешім соларға байланысты, мәселені бірлесіп шешу керек. Одан кейін зират үшін жеке мемлекеттік анықтама жасаймыз. Сонымен мәселе шешіледі, - дейді аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Дәулет Исабекұлы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама