×

Теміртауда «Арлан» жауынгерлері ақша бопсалаған ер адамды ұстады

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Халық үні 17.08.2023 | 09:07
Фото: ашық дереккөз

Қарағанды облысында тұрғыннан 2 млн теңге бопсалаған адам қамауға алынды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, Теміртаудың полиция басқармасына 34 жастағы қала тұрғыны арызданған.

Ол белгілі бір адамның өзіне күш қолданып, қорқыту арқылы 2 млн теңге бопсалағаны туралы хабарлады. Қарағанды облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Арлан» жауынгерлерімен бірлесіп жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы ер адамды ұстады, - делінген ақпаратта.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту жұмыстары кезінде кастет және пневматикалық тапанша тәркіленді.

Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 194-бабы «бопсалау» сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама