×

Ақмола облысында мектеп директорлары оқушыларға қауіп төндіргені үшін жауапқа тартылды

Аудан прокуратурасы 3 мыңнан аса баланың құқығын қорғады

 Динара Амантай 16.08.2023 | 15:32
Фото: egemen.kz

Ақмола облысында мектеп аумағынан оқушылар үшін қауіпті нысандар анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Аудан прокуратурасымен биыл маусымда Атбасар қаласының жалпы білім беру мектептерінің аумағында балалар ойын алаңдарының, шағын сәулет нысандары мен спорт ғимараттарының жай-күйіне мониторинг жүргізілген. Оның барысында жекелеген алаңдар, жабдықтар мен құрылыстардың қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіні және оқушылар үшін ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін екендігі анықталды.

№3 жалпы білім беретін мектептің аумағында алаң жанында қоқыс үйіндісі пайда болған. Бұдан бөлек, футбол қақпасының орнында үйілген металл сынықтары ғана тұрған. Ал №1 мектепте футбол қақпасы қазыққа бекітілмесе, №6 мектеп алаңындағы балалар әткеншегінде орындықтар болмаған, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қадағалау актісі бойынша барлық бұзушылықтар жойылып, объектілер қалыпқа келтірілді. Мектеп директорлары қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, аталған мектептерде оқитын 3 мың 114 кәмелетке толмағандардың құқығы қадағалау шараларымен қорғалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама