×

Алматыда Тәжікстан азаматтары өз жерлестерін ұрлап, ақша талап еткен

Олар 20 мың доллар көлемінде ақша талап еткен

 Динара Амантай 16.08.2023 | 13:01
Фото: polisia.kz

Тәжікстан азаматтары өз жерлестерін ұрлап, ақша талап еткен, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 32 жастағы М. есімді Тәжікстан азаматының жоғалып кеткені туралы полицияға оның жерлесі арызданған. Ер адамның айтуынша, жоғалған адам 13 тамызда досымен кездесуге кетіп, қайтып оралмаған.

Жедел тергеу тобы құрылды. ҚР ҚК-нің 125-бабы («Адамды ұрлау») бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ең алдымен М.есімді азаматты ұрлап кеткендігін, содан кейін біз оны қай жерде қамауда ұстағанын білдік. Жалға алынған пәтер Алматының Медеу ауданында орналасқан. Полиция арнайы жасақтарының көмегімен іс-шара жүргізілді. 20 мың доллар көлемінде өтемақы талап ету үшін отандасын ұрлап кеткен Тәжікстанның 6 азаматы ұсталды. Олар оны ұрып-соғып, бүкіл процессті видеоға түсірген, – деді Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

Күдіктілер УҰИ-ға қамауға алынды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама