×

Бокстан Қазақстан чемпионы Түркия азаматтығын алды

Оның айтуынша, қазір Түркия құрамасына ауысқан боксшылар көп

 Еркеғали Болатұлы 16.08.2023 | 10:55
фото: ашық дереккөз

Қазақстан құрамасының бұрынғы боксшысы Анвар Мұзаферов Түркия азаматтығын алды.

Айта кетсек, ол биыл Ташкентте өткен әлем біріншілігінде Энвер Мұзаффер есімімен Түркия атынан сынға түскен болатын. Ал одан бұрын Қазақстан құрамасы мен «Астана арландары» клубында өнер көрсеткен.

Төрт жылдан бері Түркияның Анталия қаласында тұрамын. Түбім – түрік. Түрік ахыска боламын. Отбасымызбен көшіп келдік. Біз түрік болғандықтан, азаматтық жедел түрде берілді. Бір жыл ішінде жаңа төлқұжатымды алдым. Спортпен қоштасқан едім. 2022 жылы шаршы алаңға қайта оралып, Түркия чемпионатында 1-орын алдым. Бұл жақта бокс енді дамып келеді. Әлем біріншілігі қарсаңында Алматыдағы алғашқы бапкеріме барып дайындалдым, - дейді Анвар Мұзаферов.

Оның айтуынша, қазір Түркия құрамасына ауысқан боксшылар көп. Мәселен, 75 келідегі тараздық түрік ахыска Сұлтан Османлы да қазір Түркияның намысын қорғап жүр.

Қазір Анвар Мұзаферов жарақатына байланысты спорттық мансабын аяқтаған. Сондай-ақ ол 2018 жылы 52 келіге дейінгі салмақта Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама