×

Қызылорда облысында ер адамнан 20 келіге жуық марихуана тәркіленді

Күдікті УҰИ-ға қамалды

 Динара Амантай 15.08.2023 | 16:56
Фото: polisia.kz

Қызылорда облысының патрульдік полиция қызметкерлері 18 келіден астам есірткі затын тасымалдаған Ақтөбе облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Қарасора – 2023» іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Қармақшы ауданының тұсында Шымкент – Самара тасжолының 637/1630 шақырымында жол ережесін бұзған Chevrolet Cobalt автокөлігін патрульдік полиция рота қызметкерлері тоқтатты. Тексеру барысында көліктен үлкен жол сөмкесіне салынған жасыл түсті зат анықталып, айғақ зат ретінде алынды. Сараптама қорытындысымен алынған заттың 18 келі 683 грамм кептірілген марихуана екендігі нақтыланды. Тексеру барысында бұл сөмкенің жолаушыға тиесілі екендігі анықталды, – делінген хабарламада.

Күдікті УҰИ-ға қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу») сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Мән-жайлар анықталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама