×

Сот сараптамалары орталығы Талдықорған мәйітханасында түсірілген видеоға түсініктеме берді

Желіде тараған видеоның 2021 жылы түсірілгені айтылды

 Халық үні 15.08.2023 | 15:49
Фото: forensic.gov.kz

Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды Halyq Uni. Бұған дейін желіде Талдықорған мәйітханасының алдында бірнеше адамның ақ материалға оралған мәйіттерді көлікке тиеп жатқаны түсірілген видео тарады.

Сот сараптамалары орталығының баспасөз қызметі видеоның 2021 жылы түсірілгенін хабарлады.

Бұл мәйітхана ғимараты Жетісу облысы бойынша сот сараптамалары институтына тиесілі. Алайда танылмаған мәйіттерді жерлеу жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді. Сот сараптамалары институтының қызметкерлері мәйіттерді жерлеу (мәйітті жуу, қырындыру) және мәйітті орау жұмыстарын ғана жүзеге асырады, - делінген ресми ақпаратта.

Желіде тараған видеода танылмаған мәйіттерді жерлеу жұмысын «Пятый регион» ЖШС қызметкерлері атқарып жатыр. Талдықорған қаласы әкімдігі мен «Пятый регион» ЖШС арасында мәйіттерді жерлеуге қатысты келісімшарт бар.

Олардың Жетісу облысы сот сараптамалары институтының қызметіне ешқандай қатысы жоқ, делінген ресми ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама