×

Атырауда «Футбол жолы» фестивалі өтті

«Футбол жолы» фестивалі 19 тамызда Оралда өтеді

 Халық үні 15.08.2023 | 15:38
Фото: Olimpbet

Жаздың басты спорттық ойын-сауық іс-шарасы – «Футбол жолы» фестивалінің кезекті мерекесі Қазақстанның мұнайлы астанасында өтті.

ҚФФ еліміздің ең танымал букмекерімен бірлесіп Қазақстан футболының 110 жылдығына орай еліміздің барлық өңірлерін қамтитын «Футбол жолы» фестивалін ұйымдастырды.

 

«Футбол жолы» осыған дейін Шымкент пен Ақтауда салтанатты түрде өтті, енді міне үшінші фестиваль Атырауда аялдады.

Үлкен мәдени-спорттық іс-шара аясында футбол фристайлынан шеберлік сыныптар ұйымдастырылып, әуесқойлар арасындағы 3х3 форматтағы футбол турнирі өтті. Сонымен қатар спорт бағытындағы ойын-сауық аттракциондары ұйымдастырылды: күш анықтаушы, «Точный гол» ойыны, кибераймақ, кикер және басқа да ойын түрлері.

Миллиондар қызығатын ойынның жергілікті жанкүйерлері футболдан Қазақстан чемпионатының басты трофейлері – КПЛ чемпионы тондосын, Қазақстан Кубогі және Суперкубогін ұстап көріп, естелік суретке түсе алды. Ал «Атырау» ФК ойыншылары осы іс-шараға орайластырылған арнайы фотосессия өткізді.

Қаланың басты оқиғасының музыкалық атмосферасын барабаншылар шоуы мен диджейлер жандырды. Қазақстандық R'n'B жұлдызы Yenlik жиналғандарды өз өнерімен тәнтті етті.

Ақжайық бойындағы әсем шаһардың тұрғындары мен қонақтары үшін фудкорт пен чиллаут-аймақтары ұйымдастырылып, сусындар мен тіскебасарлар ұсынылды.

«Футбол жолы» фестивалінің келесі аялдамасы – Орал қаласы. 19 тамыз күні қала тұрғындары ұмытылмас әсерге бөлене алады. Толығырақ мәліметті фестиваль сайтынан (https://footballfest.kz/ruhttps:/footballfest.kz/atyrau_ru) білуге болады.

Қазақстан қалаларындағы «Футбол жолы» фестивалінің кестесі:

  • 19 тамыз – Орал;
  • 26 тамыз – Ақтөбе;
  • 2 қыркүйек – Көкшетау;
  • 10 қыркүйек – Астана;
  • 16 қыркүйек – Семей.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама