×

Димаш Құдайбергенге шетелдегі жанкүйерлері ерекше тосынсый жасады (ВИДЕО)

Әнші өз тыңдармандарына алғыс айтты 

 Халық үні 15.08.2023 | 10:11
Фото: Димаш Құдайбергеннің жеке парақшасынан

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге Лос-Анджелестегі тыңдармандары ерекше тосынсый жасады. Бұл туралы Димаш өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Жетінші жыл қатарынан мені таңқалдырумен келесіздер. Бұл жолы америкалық фан-клуб Лос-Анджелесте ұшақпен шоу жасап ерекшеленді. Алғыс білдіремін. Жақсы көремін, - деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Димаш жеке парақшасына жүктеген видеодан Тынық мұхиты үстінде әншінің фотосы мен аты-жөні жазылған плакатты көруге болады. 

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туған күніне орай челлендж бастады.

Димаш Құдайберген – 1994 жылы Ақтөбеде дүниеге келген қазақстандық әнші. Ол Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған.

2017 жылы Димаш Қытайдағы «I am a singer» жобасында екінші орын алды.

Димаш – АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылуына арналған шараға Қазақстаннан қатысқан алғашқы өнерпаз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама