×

СІМ Сеулде автобус жүргізушісін пышақтаған Қазақстан азаматы жайлы түсінік берді

Қазақстандық әйел арнайы мекемеде емделіп жүрген

 Дәурен Ерболат 14.08.2023 | 17:04
Фото: JTBC

Сеул қаласында автобус жүргізушісін пышақтаған Қазақстан азаматы арнайы мекемеде емделіп жүрген. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ресми өкілдің айтуынша, әйелдің Оңтүстік Кореяда тұруға техникалық визасы болған. Ол – этникалық корей.

Ол күйеуімен бірге бизнеспен айналысады. 2020 жылдан бері әйел мамандандырылған клиникада емделген. Корей полициясының алдын ала мәліметінше, сол жағдай болған кезде әйел дәрінің ықпалында болған. Жақында консул әйелмен кездеседі деп жоспарланып отыр, - деді Айбек Смадияров.

Еске салайық, 50 жастағы қазақстандық әйел 10 тамызда Сеулдегі қаласындағы Синсаёк метро станциясы маңында автобустың алдынан шығып, ол тоқтағаннан кейін көліктің терезе жуғыш жабдығын сындырмақ болған. Жүргізуші автобустан түскен кезде қазақстандық оған шабуыл жасап, пышақ ала жүгірген. Кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Бірақ ол 11 минуттан кейін ұсталды.

Автобус жүргізушісі жарақат алған, оған қажетті медициналық көмек көрсетілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама