×

Полицейдің погонын жұлып алған әйел сотталды

Олардың арасында жанжал туындаған

 Динара Амантай 12.08.2023 | 14:14
Фото: polisia.kz

Абай облысында полиция қызметкерінің погонын жұлып алған әйел бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, былтыр маусымында Өскемен қаласының соты 34 жастағы әйелді ҚР ҚК 378-бабының 2-бөлігі («Билік өкілін қорлау»), 380-бабы («Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері») бойынша 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған. Мас күйінде куәландырудан өтуден бас тартқан әйел билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылықты қолдану, олар өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбай полиция қызметкерінің нысанды киімінен погонды жұлып алған.

Үкімнің орындалуы пробация қызметіне жүктелді. Алайда, әйел үкім бойынша міндеттерді орындамаған. Полиция қызметкерлерінің ескертуін елемей, алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланған.

Биыл сәуірде Өскемен қаласының соты аталған бап бойынша тағайындалған жазаны 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырды. Қазір әйел жазасын Абай облысының орташа қауіпсіздік колониясында өтеп жатыр. №23 қауіпсіздігі орташа мекемесінің қызметкері Б.Ахметханованың айтуынша, бұл сотталғанның анасы қызметкерлермен оқиға болған күні участкелік инспекторға қоңырау шалып, оларға үйде қызының мас екендігін және кәмелетке толмаған балалары бар екенін, өзінің жұмыста екенін айтқан. Полиция қызметкерлері ақпаратты растау үшін үйіне барған. Онда полиция қызметкерлері мен сотталған әйел арасында жанжал туындаған.

 Мен полиция қызметкерін ренжіткен мінез-құлқым үшін ұяламын. Мен мас болдым және өз әрекеттерімді есіме түсіре алмадым, – деді әйел.

Сонымен бірге №23 мекемесінің қызметкерлері үнемі тәрбиелік сипаттағы әңгімелесулерді өткізетіні белгілі болды.

Сотталған әйелдің үйінде жас балалары қалды, қазір анасы қарап отыр. Қазір ол балаларын қатты сағынған. Мекемеде ол жұмысқа орналасып, түзелу жолына түсті. Босатылғаннан кейін оған осындай қайталама қылмыстардың алдын алу бойынша әлеуметтік құқықтық көмек көрсетіледі, – деп атап өтті мекеме қызметкерлері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама