×

Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Тиісті сараптамалар тағайындалды

 Динара Амантай 12.08.2023 | 12:33
Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметңншеғ бүгін түнгі сағат 03:00 шамасында Қызылорда – Жалағаш тасжолында, Жалағаш ауданы Ақсу ауылының маңында Toyota автокөлігінің жүргізушісі басқару жүйесіне ие бола алмай, жол апаты болған.

Жол апаты салдарынан 2 жолаушы көз жұмып, жүргізушімен қоса қалған бес адам түрлі жарақаттар алды. ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама