×

Интимдік фотосы үшін семейлік тұрғыннан 1 млн теңге бопсаланған

Тергеу әрекеттері барысында 150 мың теңге тәркіленді

 Динара Амантай 11.08.2023 | 17:47
Фото: polisia.kz

Интимдік фотосы үшін семейлік тұрғыннан бір миллион теңге бопсаланған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Абай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығының тұрғынын ұстады. Ол шілде айының ортасынан бастап танысының интимдік фотоларын таратамын деп, одан 1 млн теңге бопсалап келген.

Тергеу әрекеттері барысында 150 мың теңге тәркіленді. Күдіктінің әрекеттері 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны көздейтін ҚР ҚК 1-бөлігінің 194-бабы («Бопсалау») бойынша сараланады, – деді Абай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Әсет Шахантаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама