×

Алматыдағы өрт кезінде ерлік көрсеткен бір топ азамат марапатталды

Өрт салдарынан бір адам қаза тапты

 Халық үні 11.08.2023 | 14:43
Фото: ашық дереккөз

Алматыдағы «Ақкент» ықшам ауданында болған өрт кезінде ерлік көрсеткен бір топ азамат марапатталды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды:

  • Ахметханов Тілеужан Сапарғалиұлы – «Expo Masters» ЖШС менеджері;
  • Гюнай Шюкрю – «Спарк Электромеханик» ЖШС электригі;
  • Исмаилов Эльдар Александрович – «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі;
  • Йерделен Халил – «GASK Construction» ЖШС автокран операторы;
  • Мамедов Кенан Бабаұлы – «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі;
  • Романов Вадим Анатольевич – «Frank-Asia» ЖК автокран операторы.

Айта кетейік, Алматыда 1 тамызда көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, бір адам қаза тапты.

Өрт сөндірушілер 80 адамды, оның ішінде 35 адамды арнайы құтқару бас киімінің көмегімен құтқарып қалған. Жалпы өрт сөндіру жұмыстары бір жарым сағатқа созылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама