×

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында тамақтың ішінен жәндік шықты

Қазір басшылық құрамы шақыртылып, қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр

 Еркеғали Болатұлы 11.08.2023 | 10:27
фото: дереккөз

Әлеуметтік желіге облыстық балалар ауруханасынан түсірілген видео тарады. Желі қолданушысының шағымында түскі асқа берілген тамақтың ішінен жәндік табылғаны айтылады, деп хабарлады mangystaumedia.kz.

26 шағын ауданда орналасқан балалар ауруханасындамын. Түскі асқа берген тамақта жәндік жүр. Балалар қалай тамақ ішеді? - дейді тұрғын өз шағымында.

«Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК әкімшілігінің хабарлауынша, бұл – тамаққа қатысты келіп түскен алғашқы шағым.

Қазір аурухананы байқау негізінде жеңімпаз болып, шарт жасасқан Алимбетова Ж.К. тамақпен қамтамасыз етіп жатыр. Сонымен қатар жәндік жалпы тағамнан емес, диеталық тамақтан анықталған. Шағымданушының арызы бойынша жауаптыларға ескерту жасалды. Қазір басшылық құрамы шақыртылып, қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді аурухана әкімшілігі.

Сондай-ақ ведомство егер емделушілердің шағымы болса, науқастарды қолдау қызметі және ішкі аудит бойынша байланыс телефоны: 210-240 нөміріне хабарласу мүмкіндігі бар екенін есуке салды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама