Halyq Uni логотип
×

Депутаттар Абайдың өлеңдерін оқыды

Ақынның шығармалары әлі өзекті

 Дәурен Ерболат 10.08.2023 | 18:18
Депутаттар Абайдың өлеңдерін оқыды
Скрин: Instagram.com/a1darbek

Абай күніне орай Мәжілістің бір топ депутаты ұлы ақынның шығармашылығынан үзінді оқыды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров «Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңін оқып берді.

Оның пікірінше, Абай атамыздың шығармалары бүгінге дейін өзектілігін жоғалтпаған.

Бұл – жолсілтер өлеңдер. Осы жолсілтер болған, өміріме септігін тигізген шумақтарды айтып берсем, - деді депутат Instagram-дағы парақшасында.

Ол эстафетаны Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаевқа жолдап, шаһарда Абай ескерткішін ашу керегін жайлап жеткізді.

Оңтүстік Кореяда жүрген депутат Олжас Құспеков Сеул қаласында Абай Құнанбайұлының құрметіне орнатылған бюст жанында «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» өлеңін оқыды.

Сондай-ақ челленжді депутаттардан кейін «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова жалғастырды. Ол «Көзімнің қарасы» әнін орындады.

Биыл хәкім Абайдың туғанына 178 жыл толды.

8 тамызда танымал әнші Димаш Құдайберген Абайдың туған күні қарсаңында челлендж бастады. Содан кейін челленджді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жалғастырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама