×

Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрін қабылдады

Дархан Қыдырәлі жастар және отбасы саясатын жүзеге асырудағы жұмыстар туралы ақпарат берді

 Халық үні 10.08.2023 | 15:06
Фото: Ақорда

Президент Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәліні қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Дархан Қыдырәлі министрліктің ақпарат, қоғамдық даму, дін және этносаралық қатынастар, азаматтық сектор, сондай-ақ жастар және отбасы саясатын жүзеге асыру бағытында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндады.

Министрлік өз жұмысында отандық телесериалдар өндірісі көлемін ұлғайтып, оларды шетелге таратуға, медиа сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ азаматтық қоғаммен өзара қарым-қатынасты жандандыруға айрықша мән беріп отырғанын жеткізді, - делінген ақпаратта.

Мемлекет басшысы министрлік азаматтық қоғам институттарымен барлық деңгейдегі байланысты күшейтіп, әр саладағы өзекті мәселелерді қоғаммен кең көлемде талқылауға ашық болуы қажет екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Қыдырәліге жастар саясатына қатысты бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруды, діни бірлестіктер мен этносаралық қарым-қатынас бағытын айрықша назарда ұстауды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама