×

Талдықорған маңындағы тасжолда жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

 Динара Амантай 09.08.2023 | 11:38
Фото: polisia.kz

Талдықорған маңындағы тасжолда MAN жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға кеше Талдықорған маңындағы Алматы – Өскемен тасжолының 272-шақырымында тіркелген. Облыс орталығының 61 жастағы тұрғыны жүк көлігінің астына түсіп, ауруханаға жеткізу кезінде алған жарақаттарынан көз жұмды. Жаяу жүргінші жүк көлігінің артында тұрғанда, жүргізуші оны байқамай басып кеткен. Оқиғаның мән-жайын Талдықорған полициясы анықтап жатыр.

Осы жылы облыстың автожолдарында жаяу жүргіншілер 52 жол-көлік апатына ұшыраған. Салдарынан 17 адам қаза тауып, 69 адам түрлі жарақат алды.

Полиция азаматтардан жол бойында жауапкершілікті күшейтуді талап етеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама