×

Шымкентте су арнасынан бүлдіршіндердің мәйіті табылды

Мамандар сақ болуға кеңес береді

 Дәурен Ерболат 08.08.2023 | 16:12
Фото: Шымкент ТЖД

Шымкентте су арнасынан ата-анасының қарауынсыз қалған 2 сәбидің мәйіті табылды, деп хабарлады қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Қаратау ауданы Геологтар саяжайындағы арнадан 2 жасар бүлдіршіннің мәйіті табылды. Тереңдігі – 50 см, ені – 1,5 метр болатын суару арнасына түскен тұрғындар 2021 жылы туған баланың денесін судан алып шықты.

Екінші қайғылы оқиға Абай ауданының Алматы тасжолы бойында болған. Көшеден өтіп бара жатқан адамдар қалалық тазарту жүйесінен бір жастағы қыздың мәйітін көрген. Бұл тазарту жүйесінің тереңдігі – 40 см, ені – 1 метр.

Екі жағдайда да бүлдіршірдер ата-анасының қарауынсыз қалған. Сондықтан ата-аналардан баларын қараусыз қалдырмауды сұраймыз, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама