×

Түркістан облысында автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 2 адам қаза тапты

Тағы 17 адам ауруханаға жеткізілді

 Динара Амантай 08.08.2023 | 09:13
Фото: t.me/prokadrykz

Түркістан облысында автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше сағат 18:00 шамасында республикалық маңызы бар Алматы – Ташкент – Термез тас жолының 720-шақырымында жол апаты болған. Van Hool автобусының оң жақ доңғалағы жарылып, жолдың екі жақтамасын бөліп тұратын темір қоршауды қиратқан. Содан кейін автобус қарсы бағытта өз жолымен келе жатқан МАН жүк көлігінің артқы тіркемесіне соқтығысады.

Салдарынан автобус жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, ауруханаға жеткізілген 18 жолаушының бірі жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Аталған автобус апатқа дейін Жетісай қаласынан Астанаға жолаушы тасымалдаған.

Қазір оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама