×

«Атырау-Астрахань» жолаушылар пойызында жасөспірім қайтыс болды

Бала топтастарымен бірге лагерьге бара жатқан

 Динара Амантай 07.08.2023 | 10:15
Фото: mail.pfoto-rzd.com

Бүгін Атырау – Астрахань бағытындағы жолаушылар пойызында 2010 жылы туған бала қайтыс болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, №625 «Атырау-Астрахань» пойызымен жасөспірім 4 жетекшісінің қарамағында өзге балалармен бірге лагерьге бара жатқан. Жолсапарды олардың өздері ұйымдастырған.

Жолға шыққаннан кейін 1,5 сағат өткен соң, бала өзін нашар сезінген. Пойыз бригадасы нұсқаулыққа сәйкес жұмыс істеп, жедел жәрдем шақырған. Нарын стансасына келген медицина қызметкерлері баланың қайтыс болғанын хабарлады, – делінген ҚТЖ хабарламасында.

Өлімнің себептері сараптама жүргізілгеннен кейін белгілі болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама