×

3 жасар бала көз жұмды: ауылда жасөспірім көлікпен адамдарды қағып кетті

Қалған екі жаяу жүргінші облыстық ауруханаға жатқызылды

 Еркеғали Болатұлы 03.08.2023 | 14:56
фото: Ақтөбе облысының ПД

Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған жүргізуші адамдарды қағып кетті.

Оқиға 2 тамызда сағат 21:30 шамасында болған. Мәртөк ауданының Сарыжар ауылында Әйтеке би көшесімен жүріп келе жатқан ВАЗ-21140 автокөлігінің 17 жастағы жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан 28 жастағы жаяу жүргінші мен кәмелетке толмаған екі баланы қағып кетті.

Салдарынан 3 жасар бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, қалған екі жаяу жүргінші облыстық ауруханаға жатқызылды.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама