×

Павлодарда тәрбиешінің көмекшісі оңалту орталығындағы балаларды ұрып-соққан

Тәрбиешілер аттестациядан да, уақтылы біліктілігін аттыру курстарынан да өтпеген

 Еркеғали Болатұлы 03.08.2023 | 09:56
фото: medelement.com

Павлодардағы «Самал» оңалту орталығында балаларға дөрекілік танытқан тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан қуылды. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Ол балаларды жұлқылап, кейбірінің бетінен шапалақпен ұрған. Ата-аналардың шағымынан кейін қызметтік тексеру басталып, полиция іс қозғады. Ал қызметіне салғырт қараған мекеме басшысына айыппұл салынды.

Тексеру барысында тәрбиеші мамандардың аттестациядан өтпегені анықталды. Оған қоса, тәрбиешілер уақтылы біліктілігін аттыру курстарынан да өтпеген. Сол себепті, орталықтың басшысына әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды, - дейді білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Гүлнәр Үзденбаева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама