×

«Барлығы жабық болды»: Алматыда өртенген үйдің тұрғындары қауіпсіздік люктерін бекітіп тастаған

Егер ашық болса, жоғарғы қабаттардағы тұрғындарды өрт сөндірушілер 5-қабаттан эвакуациялайтын еді

 Еркеғали Болатұлы 02.08.2023 | 15:55
фото: ашық дереккөз

Алматыда өрт шыққан үйде өртке қарсы қорғаныс жүйесі істемеген. Бұл туралы Ақкент шағын ауданында болған өрт бойынша өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Алматы қалалық ТЖД бастығының міндетін атқарушы, полковник Ерлан Әлібековтің айтуынша, көппәтерлі тұрғын үйдің оңтүстік жағында өрт сөндіру техникасына арналған кіреберіс болмаған. Сол себепті, пәтерлердің есіктерін қолмен сындырып, авто сатылар үшін жол ашуға тура келген.

Бұл жұмыстарға біраз уақыт кетті. Үйдің тұрғындарының барлығы – кондоминиум өкілдері және олар инженерлік жабдықтардың, оның ішінде өртке қарсы қорғаныс жүйелерінің ұқыпты сақталуына жауапты. Кешегі жағдай тұрғын үйдегі түтінге қарсы қорғаныс жүйесінің жұмыс істемейтінін көрсетті. Егер ол жұмыс істесе, қабаттарды қатты түтін баспас еді, - деді Ерлан Әлібеков.

Сондай-ақ ол мұндай үйлерде апаттық шығу жолы ретінде 5-қабаттан бастап жоғары қабаттардың балкондарына дейін жалғасқан люктер болатынын айтты.

Олардың барлығы жабық болды. Егер ашық тұратын болса, жоғарғы қабаттардағы тұрғындар 5-қабатқа дейін түсіп, ары қарай біздің өрт сөндірушілер оларды эвакуациялайтын еді, - деді спикер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама