×

Шымкентте бір күнде 18 жерге есірткі таратқан адам ұсталды (ВИДЕО)

Полиция жасырылған ұнтақтарды айғақ зат ретінде тәркіледі

 Дастан Жұмабекұлы 02.08.2023 | 11:57
Фото: polisia.kz

Шымкентте бір күнде 18 жерге есірткі таратқан ер адам ұсталды. Оның ұсталғанын Еңбекші ауданының полиция бөлімі хабарлады. Ал полицияға жас жігіттің есірткі таратып жүргенін жергілік тұрғын айтып, хабарласқан.Содан кейін күдікті есірткі таратып жүрген жерінен ұсталған.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, күдіктіні тінту кезінде оның смартфонынан Telegram чат арқылы белгісіз адаммен хат алмасып, оның нұсқауларын бұлжытпай орындағаны анықталды. Кейін тәртіп сақшылары оның есірткі таратып жүрген жерлерін жеке-жеке тінтіп, жасырылған ұнтақтарды айғақ зат ретінде тәркіледі.

Нәтижесінде құқық бұзушының бір күнде 18 орынға полиэтиленді пакетке салынған есірткіге ұқсас заттарды тығып үлгергені белгілі болды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың синтетикалық есірткі екені расталды. Ол үш айдан бері «курьер» болып жұмыс істеген және күніне орта есеппен 20-25 орамды таратумен айналысқан. Қазіргі таңда күдікті қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама