×

Olimpbet шымкенттіктерге футбол мерекесін сыйлады

«Футбол жолы» фестивалі – қазақстандық футболға арналған алғашқы ауқымды шара

 Халық үні 31.07.2023 | 15:40
Фото: Olimpbet

Шымкенттіктер үшін үлкен оқиға – «Футбол жолы» фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Мыңдаған жанкүйер еліміздің бас футбол жүлдесін көріп, Қазақстан футболының тарихын жазған спортшылар туралы ақпарат алды.

«Футбол жолы» фестивалі – қазақстандық футболға арналған алғашқы ауқымды шара.

Қазақстан футбол федерациясы мен еліміздің ең танымал букмекерлік кеңсесі Olimpbet республиканың аймақтарына бұрын-соңды болмаған тур ұйымдастырды. Оның мақсаты – Қазақстан футболының 110 жылдық шежіресіне тағзым ету, спортшыларымыздың жетістіктерін насихаттау және әр қаладан келген жанкүйерлерді әлемдегі ең керемет спорт түріне бұдан да көптеп тарта түсу.

Енді екі ай бойы еліміздің 8 өңірінде үлкен спорттық ойын-сауық фестивалі ұйымдастырылады. Бұл шара 30 шілдеде Шымкентте бастау алды.

Ең алғашқы «Футбол жолының» ойынына 9 мыңға жуық қонақ жиналды. Олар футболдың басты жүлделері – Қазақстан премьер-лигасының чемпиондық тондосы, Қазақстан кубогі мен суперкубогімен фотоға түсті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама