×

Белгілі ақын Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы айтылды

Ол аптасына үш рет 4 сағаттан ауруханада жатады

 Еркеғали Болатұлы 31.07.2023 | 15:57
фото: дереккөз

Сырқаттанып қалған Жүрсін Ерманның жағдайын сұрап барған пародияшы Олжас Сыдықбек ақынның ем қабылдауды жалғастырып жатқанын айтты.

Ол өзінің Instagram-дағы парақшасына ақынмен және оның зайыбы Бақытжамалмен бірге түскен суретін жариялады.

Жүрсін ағаға сәлем бере үйіне келдім. Хал сұрасып, жағдай білісіп, екі-үш сағат отырып әңгімелестік. Бақытжамал апай дастархан жайды. Қызыл-күрең шәй үстінде отырып, біраз өткен-кеткенді еске алдық. Ағаның «Деген екендерін» айттық. Өзінің есінде қалмаған, ұмытып қалған әңгімелерін де айтып, еске түсірдік. Риза боп, көңілі жадырап қалды, - деп жазды Олжас Сыдықбек.

Оның айтуынша, қазір Жүрсін Ерман емін жалғастырып жатқан көрінеді. Аптасына үш рет 4 сағаттан ауруханада жатып, процедураларын қабылдайды екен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама