×

Астанада сотталған азаматтан 1 млрд теңге мемлекетке қайтарылды

Сотталған адамға 5 жер учаскесі тиесілі болған

 Халық үні 31.07.2023 | 11:00
Фото: ашық дереккөз

Астана қаласының прокуратурасы мемлекетке 1 миллиардтан астам теңге қайтарды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ресми ақпарат бойынша, елорда прокуратурасы мемлекет пайдасына шығарылған сот актілерінің орындалуына талдау жасаған.

Прокурорлық қадағалау актісін енгізу нәтижесінде сотталғанға тиесілі жалпы бағасы 1 млрд 62 млн теңгені құрайтын 5 жер учаскесін өндіру арқылы келтірілген шығын мемлекет пайдасына өтелді.

Осылайша, прокуратураның қабылдаған шаралары арқылы қылмыс жолымен табылған сотталғанның мүлкін мемлекет пайдасына өндіру арқылы сот үкімі орындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама