×

Тамызда Атыраудан шығады: 73 жастағы қария жаһанды жаяу араламақ

17 мың шақырымды құрайтын бұл сапар 2 жылға жоспарланған

 Еркеғали Болатұлы 28.07.2023 | 10:55
фото: Әсет Құндақбаев

Қазақстанды жаяу аралап шыққан Сәрсенбай Қотырашов енді жаһанды айналып келуге шешім қабылдап отыр.

«Хабар» телеарнасының мәліметінше, 17 мың шақырымды құрайтын бұл сапар 2 жылға жоспарланған. Сәрсенбай Қотырашовтың айтуынша, дүниежүзін жаяу аралаудың ең басты мақсаты – саламатты өмір салтын насихаттау және әлем жұртын бейбітшілікке шақыру.

2 тамызда Атыраудан жаяу шығамын. Атырау-Астрахань-Дағыстан-Шешенстан-Грузия-Түркия. Түркияның Анкара және Ыстамбул қаласында боламын. Бұл – жер шарын аралаудың бірінші бөлімі. Екінші бөлімін, Алла қуат берсе, келесі жылы бастаймын, - дейді 73 жастағы қария.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама