×

Назарбаев даңғылындағы субұрқаққа шомылған 10 жастағы бала көз жұмды

Қала аумағында жалпы 32 субұрқақ бар...

 Еркеғали Болатұлы 25.07.2023 | 13:38
фото: ашық дереккөз

Шымкентте Н.Назарбаев даңғылында орналасқан субұрқаққа шомылған 10 жастағы бала мерт болды.

Қайғылы оқиға кеше кешкісін болған. Бұл туралы хабарлама қалалық ТЖД дағдарыс жағдайларды басқару басқармасына сағат 19:30 шамасында түскен.

Бала ата-анасының қадағалауынсыз жүрген. Қазір полиция департаменті сот-медициналық сараптама тағайындады, - делінген Шымкент қаласының ТЖД таратқан ақпаратта.

Жалпы, Шымкент қаласы аумағында суда жаппай демалу, туризм және спортпен шұғылдану үшін 5 ресми орын белгіленген. Оның ішінде үшеуіне шомылуға рұқсат етілген. Ал қала аумағында жалпы 32 субұрқақ бар. Оның 25-і жұмыс істеп тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама