Halyq Uni логотип
×

Қаңтар оқиғасы: Ішкі істер органдары 1150 қылмыстық істі қарап жатыр

Бұған дейін Қызылордада Қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған Ұлттық ұлан сарбазына қатысты тың мәлімет айтылды

 Ербол Тұрымбет 03.05.2022 | 16:00
Қаңтар оқиғасы: Ішкі істер органдары 1150 қылмыстық істі қарап жатыр
коллаж: Halyq Uni

ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділовтің айтуынша, бүгінде ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде бұрын қабылданған шешімдерді қоспағанда 1150 қылмыстық іс бар. Олардың негізгі бөлігін құрайтындар: ұрлық – 157, қарудың заңсыз айналымы – 146, қасақана бөтеннің мүлкін бүлдіру – 23 және тағы басқалар. Осы істер бойынша 150 адам ауыр қылмыс жасады деген күдікпен күзетпен ұсталып отыр.

Сонымен бірге тергеушілер жедел әрі сапалы тергеу нәтижесінде 473 айыпталушыға қатысты 288 қылмыстық істі айыптау актісімен аяқтап, сотқа жолдаған. Соттар қаралған қылмыстық істер бойынша айыпталушы 275 адамның ішінен 244-ін бас бостандығын айыруды көздемейтін жазаларға соттаған. Тағы 6 адамға қатысты қылмыстық істер тараптардың татуласуына байланысты тоқтаған.

Мысалы, 5-қаңтарда Алматы облысының 4 тұрғыны Алматы қаласында Әлімжанов көшесіндегі Кcell акционерлік қоғамның филиалынан жалпы сомасы 3 млн 555 мың теңгеге 27 ұялы телефонды ұрлаған. Медеу аудандық сотының үкімімен олар кінәлі деп танылды және жағымды мінездемелері, залалдың орнын толтырғаны ескеріліп, үш жылға бас бостандығын шектеуге сотталды, - дейді Әділов.

Бүгін сондай-ақ Қызылордада Қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған Ұлттық ұлан сарбазына қатысты тың ақпарат айтылды.

Қаңтарда қиратылған Елбасының ескерткіші сол күйі тұр. Қаңтар оқиғасында ауыр жарақат алған екі баланың ата-анасына 6 млн теңге төленді. Талдықорғанда әкімдік пен полиция ғимаратына шабуыл ұйымдастырған екі азамат анықталды. Алматыда Қаңтар оқиғасында зақымданған көлік иелеріне 258 млн теңге берілді. Қаңтар оқиғасында қаза болған шымкенттіктің ата-анасы сараптама нәтижесімен келіспейді

2 қаңтарда Жаңаөзенде басталған наразылық акциясы басқа қалаларда да жалғасты. 4 қаңтарда Алматы қаласында басталған митингтің ертеңі дүрбелеңге, қанды оқиғаға ұласты. Осы жағдайға байланысты барлық аймақта төтенше жағдай режимі енгізіліп, президент Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекет басшыларынан террорлық сын-қатерді еңсеруде көмек сұрады. Тоқаев «Алматыға 20 мың террорист шабуылдады» деген пікір айтты. Жаппай тәртіпсіздік салдарынан бейбіт тұрғындар, күш құрылымдары қызметкерлері көз жұмып, жарақаттанды. Ғимараттар, көліктер қиратылып, бизнес зардап шекті. Қазір бірқатар шенеунік ұсталып, билікте ауыс-түйіс жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама