×

Алматыда Қаңтар оқиғасында зақымданған көлік иелеріне 258 млн теңге төленді

99 өтінімнің жартысынан астамы мақұлданды

 Қымбат Елтайқызы 28.04.2022 | 09:17
фото © Әсет Құндақбаев

Алматы әкімдігі қаңтар айындағы оқиғалар кезінде өртеніп кеткен немесе зақымданған автокөлік иелеріне 258 млн теңге төледі.

Әкімдікке барлығы 99 өтініш келіп түскен. Әзірге жалпы сомасы 258 млн теңгеге 54 өтінім қанағаттандырылды. Тағы 45 өтінім қаралып жатыр.

Өтініштерді аудандық әкімдіктер түскен күннен бастап 1 ай ішінде қарайды. Мүлікке келтірілген залалды бағалау тіркелген күннен бастап 7 күн мерзімде  белгіленеді. Оны зардап шеккендер таңдаған тәуелсіз сарапшылар жүргізеді.

Жалпы, қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде Қазақстан бойынша 1 630 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі зардап шеккен. Оларға шамамен 38,6 млрд теңге көлемінде залал келген. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, әзірге соның ішінде 1 491 ШОК субъектісі жалпы көлемі 8,3 млрд теңге төлем алған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама