×

Ауылда 9 жасар қызды зорлаған педофил 25 жылға сотталды

Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді

 Еркеғали Болатұлы 23.07.2023 | 17:51
фото: tver24.com

Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 9 жасар қызға сексуалдық сипатта зорлық-зомбылық жасаған 48 жастағы ер адамға үкім шығарды.

Өзі мойындамағанына қарамастан оның кінәсі сараптама нәтижесімен және іс аясында жиналған басқа айғақтар арқылы толық дәлелденді. Осылайша, педофил 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Еске сала кетсек, былтыр тамыз айында Абай облысының Үржар ауылында жантүршігерлік жағдай болған еді. Анасының айтуынша, кішкентай қызды көрші тұратын, үйленген, балалы-шағалы 48 жастағы адам зорлаған. Қыз ауыр жарақат алған.

Полицияға арыз жазған анасы сол кезде қылмыстық іс жабылып қала ма деп те қорыққан. Өйткені күдіктінің туысы полицияда жұмыс істейтін көрінеді. Бірақ, міне, оқиғадан бір жыл уақыт өткен соң әділ үкім шығарылып отыр.

 

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама