×

Ақтөбеде балаларын 81 жастағы әжесіне қалдырып кеткен әйел жауапкершілікке тартылды

Полицейлер балаларды «Аяла» және «Үміт» реабилитациялық орталығына алып кеткен

 Еркеғали Болатұлы 23.07.2023 | 16:42
фото: дереккөз

Ақтөбе қаласының тұрғыны екі кәмелетке толмаған баласын 81 жастағы әжесіне қалдырып, бір аптаға кетіп қалған. Ал кейуана содан бір аптадан кейін науқастанып қалып, балаларды танысына қалдырған. Бұл туралы «Диапазон» хабарлады.

Кейін белгілі болғандай, әйел өзімен бірге 5 жасар ұлын ғана алып кеткен. Ал қалған 2 баланы алдымен кәрі әжелері, одан кейін танысы қараған. Бірақ әйелдің бұл әрекетін құптамаған таныстары полиция шақырып, оған балалардың қараусыз қалғанын айтқан.   

Кәмелетке толмаған балалардың анасын бірден таба алмадық. Ол бір сағат бойы қайда жүргенін дұрыс айтпай, келуге уәде беріп, артынша келмеді. Үйіне асықпады, – дейді полиция қызметкері. 

Балалардың анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Қауіпсіздік мақсатында полицейлер балаларды «Аяла» және «Үміт» реабилитациялық орталығына алып кеткен. Қазір олардың жағдайы жақсы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама