×

Алматы облысында көршінің қызын қорлаған әйел ұсталды

Күдіктінің қатысуымен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді

 Динара Амантай 22.07.2023 | 09:26
Фото: polisia.kz

Қыздың аузы мен қолын байлап, Алматы облысы Қарғалы ауылының қараусыз қалған ғимараттың аумағына апарған әйел ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, тексеру барысында 23 жастағы әйел анықталды. Ол Жамбыл облысының ауылдарының бірінде ұсталып, уақытша ұстау үшін арнайы полиция бөлімшесіне орналастырылды.

ҚР ҚК 126-бабының 2-бөлігі 5-тармағы («Көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты бас бостандығынан заңсыз айыру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. Қазір күдіктінің қатысуымен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін желіде қыз баланың аузын және қолдарын айқастырып матамен байлап, көшеде ертіп жүрген әйелдің бейнежазбасы тарағанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама