×

Қазақстан мен Ресей полицейлері 9,5 млн доллардың есірткісін тәркіледі

Екі елдің сақшылары есірткі арнасын жойды

 Халық үні 03.05.2022 | 09:40

Қазақстан мен Ресейдің ішкі істер министрліктері синтетика жеткізумен айналысатын ірі трансұлттық арнаны жойды. Қазақстан және Ресей ішкі істер министрліктерінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі бөліністері синтетикалық есірткілерді пошта жөнелтілімдері арқылы жеткізу арнасының жолын кесу бойынша екі ел аумағында арнайы операция жүргізді.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, фигуранттарға жедел әзірлеме жасау үшін ІІМ орталық аппараты, полиция департаменттері мен Жамбыл облысы бойынша ҰҚК-нің тәжірибелі қызметкерлері арасынан арнайы топ құрылды.

Омбы және Тараз қалаларында бір мезгілде жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полицейлер Ресейдегі синтетикалық есірткілердің негізгі жөнелтушісін және Қазақстанда оны қабылдап алушыны ұстады. Фигуранттардың тұрғылықты жерлері бойынша тінту барысында ірі есірткі зертханалары анықталды. Ұсталған Омбы қаласының тұрғыны синтетика дайындап, пошта жөнелтілімдері арқылы Орталық Азия елдеріне, оның ішінде Қазақстанға жіберіп отырған. Осы ретте ол жасанды құжаттар пайдаланып, сәлемдемелерді түрлі тауарлар – машина майы, тұрмыстық химия және т.б. түрінде жасырып отырған. Полицейлер жалпы сомасы 9,5 млн астам доллар болатын 260 кг қолдануға дайын есірткіні тәркіледі, – дейді полиция.

2021 жылғы қазан мен биылғы сәуір аралығында жүргізілген арнайы операция нәтижесінде полиция қызметкерлері Алматы, Алтай, Ақтөбе, Атырау, Тараз және Қызылорда қалаларында синтетикалық есірткі өндірумен және таратумен айналысқан Қазақстанның 13 азаматын ұстады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама