×

Елорда зираттарында адамды жерлеу үшін 2х3 шаршы метр жер тегін беріледі

Онда құлпытас биіктігі 1 метрден аспауы керек

 Еркеғали Болатұлы 20.07.2023 | 12:22
фото: ашық дереккөз

Астана қаласының дін істері басқармасы жерлеу рәсімі мен зират күтімі бойынша жаңа ережелер бекітпек.

Қазір жерлеу бойынша арнайы ережелер әзірлеп жатырмыз. Онда құлпытас биіктігі 1 метрден аспауы керек. Зират қоршалып, күтім жасалуы қажет. Жер кодексіне сәйкес, жерлеу үшін 2х3 шаршы метр жер тегін беріледі, бірақ көп адам басқа туыстары үшін екі орын сұрайды. Сондықтан жерлеу туралы ережеге толықтырулар енгіземіз, - деді дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов мәслихат отырысында.

Қазір қалада 28 зират бар десек, оның 16-сының ғана құжаттары реттелген. Ал санитарлық нормаға сәйкес, зират пен тұрғын үй арасында 300 метр қашықтық сақталуы шарт.

Бұған дейін Нұрдәулет Әлмұханов Астанадағы зиратта жерлеу орнын онлайн режимде таңдауға болатынын айтқан еді. Ол үшін zherleu.astana.kz сайтында өтінім беру керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама