×

«Астана жұлдыздары» шахмат фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Турнир төрт категория бойынша ұйымдастырылды

 Халық үні 19.07.2023 | 19:37
Фото: Шахмат академиясы

Елордада «Астана жұлдыздары» халықаралық шахмат фестивалінде кімдер жеңіске жеткені белгілі болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Іс-шараны белгілі қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова ұйымдастырды. Турнирдің жүлдеқоры – 40 млн теңге.

Турнирдің А категориясы бойынша төмендегі шахматшылар үздік нәтиже көрсетті:

  • Үндістандық Адитья Миттал алтын медальға ие болып, 4 млн теңге болды;
  • Украиналық гроссмейстер Александр Моисеенко күміс жүлгегер атанып, 3,5 млн теңге алды.
  • Израиль шахматшысы Евгений Алексеев қола медальді қанағат тұтып, 3 млн теңгенің иегері атанды.

Динара Сәдуақасова «Астана жұлдыздары» фестивалі жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

Елордаға әлемнің түкпір-түкпірінен шахматшылар жиналып, өз білімі мен тәжірибесін ортаға салды. Фестиваль барысында біз керемет ойынға куә болдық. Көптеген ойыншы жаңа халықаралық стандарттарға ие болды, кейбіреулері гроссмейстер атанды. «Астана жұлдыздары» түрлі ұлт пен мәдениет өкілдерінің басын қосты, - деді шахматшы фестивальдің жабылу салтанатында.

Фестиваль аясында 4 турнир өткізілді: ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан кубогының кезеңі, әуесқойлар, балалар және блиц-ойындар.

Бұған дейін Сенат төрағасы шахматшыларға сәттілік тілегені хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама